1 сәуірде рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы А.А. Бейсахмет «Ойын-сауық индустриясы» пәні бойынша «Туризм» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінің 3 курс студенттеріне арналған ойын-сауық орталығында аудиториядан тыс сабақ өткізді.
Бұл сабақтың негізгі мақсаты – студенттерді ойын-сауық орталығының құрылымы мен жұмысымен таныстыру. Ойын-сауық индустриясындағы әртүрлі ойын-сауық нысандарының қызметі мен ұйымдастырылуын зерттей отырып, студенттер осы саладағы кәсіби дағдыларын дамытуға назар аударды. Сонымен қатар, сабақ барысында студенттер ойын-сауық орталықтарының жұмысында кездесетін проблемалар және оларды шешу жолдары туралы түсінік алды.
Сабақ соңында студенттер боулинг ойынына қатысып, командалық жұмыстың маңыздылығын түсінді және әр бөлімнің жұмысын бағалауға мүмкіндік алды. Сабақ студенттердің ойын-сауық саласындағы теориялық білімдерін нақты тәжірибемен толықтырды.
Басқа жаңалықтар

