Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының студенттері мен магистранттары «Әл-Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында марапатталдыFarabi University

51

Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының студенттері мен магистранттары «Әл-Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясында марапатталды

4 сәуір, 2025

 

2025 жылдың 4 сәуірінде Шығыстану факультетінде дәстүрлі «Әл-Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді. Бұл конференцияға студенттер мен жас ғалымдар қатысып, ғылыми жетістіктерін ортаға салды. Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының студенттері мен магистранттары осы маңызды шарада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, 2-3 орындарды иеленді.

Марапатталғандардың қатарында 2-курс магистранттары Дариға Жантөреева мен Амантай Мөлдір, сондай-ақ 4-курс студенттері Асқар Ақбота, Аружан Тілеу, Салимбай Әсел, Жарқынбай Жанбота сынды белсенді шәкірттеріміз бар. Бұл жеңістер олардың ғылыми ізденістерінің нәтижесі әрі болашақтағы үлкен жетістіктерінің бастамасы боларына сенімдіміз.

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта ғылым мен білім жолында тек жоғары белестерді бағындыруларын тілейміз! Осындай жастардың жетістіктері біздің университетіміздің әрі қарай дамуына және ғылыми қауымдастықта өз орнын табуына үлес қосатыны сөзсіз.

Н.Н.Кайранбаева