ТДМ 4-Сапалы білім: Әл-Фарабидің нақыл сөздері

Сәуір айының төрті күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасының 2 курс студенттері ТДМ 4-Сапалы білім мақсаты аясында «Әл-Фарабидің нақыл сөздері» атты ашық сабақ өткізді. Бұл күні әл-Фараби ғалымының өмірбаяны туралы баяндалып, нақыл сөздері жан жақты талқыланды.
«Әл-Фарабидің нақыл сөздері» тақырыбына арналған ашық сабақта студенттерге ежелгі даналықтың құндылықтары мен философиялық көзқарастары таныстырылып, оның өмірі мен шығармашылығы арқылы білім мен адамгершіліктің маңыздылығы ашылады. Сабақтың басында оқытушы сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіріп, Әл-Фарабидің өмірбаяны мен оның философия саласындағы орнын қысқаша баяндайды. Осы кіріспе бөлімінде студенттерге «Неліктен ежелгі даналардың сөздеріне мән беру керек?» деген сұрақ қойылып, қазіргі өмір мәселелерін шешуде әл-Фарабидің нақыл сөздерінің маңыздылығына назар аударылады.
Басқа жаңалықтар

