Әдеби кеш:"Майданда туған өлеңдер" атты кураторлық сағатFarabi University

51

Әдеби кеш:"Майданда туған өлеңдер" атты кураторлық сағат

4 сәуір, 2025

02.04.2025 жылы қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының з.ғ.к,ассоц.проф. М.К.Бисенова  2 курс студенттерімен  «Әдеби кеш: Майданда туған өлеңдер» кураторлық сағат өткізді. 80-жыл Ұлы Отан соғысының аяқталуына орай өткізілген "Майданда туған өлеңдер" атты кураторлық сағат — өте маңызды шара. Бұл кештің мақсаты, әрине, сол кездегі майдангерлердің ерліктері мен олардың патриоттық рухын өлеңдер арқылы насихаттау. Майданда жазылған өлеңдер сол дәуірдің ауыр әрі қуанышты сәттерін бейнелеген құнды тарихи мұра. Мұндай кештер арқылы жастарға Ұлы Отан соғысының маңыздылығын түсіндіріп, соғыс кезінде халықтың шығармашылықпен қалай алға басқанын көрсетеді. Қатысушыларға сол кезеңдегі өлеңдер мен жырларды ұсыну, олардың жан дүниесіндегі сезімдер мен елдің ерлік дәстүрін терең түсінуге көмектеседі. Бұл шараның бір бөлігі ретінде, майдангерлердің шығармашылық мұрасын насихаттап, оларға құрмет көрсету мақсат етілгені анық.