IV Халықаралық Фараби Форумы: Түрік халықтары философия қоғамы Қазақ комитетінің II мәжілісі және ғылыми жұмыстардың тұсаукесеріFarabi University

51

IV Халықаралық Фараби Форумы: Түрік халықтары философия қоғамы Қазақ комитетінің II мәжілісі және ғылыми жұмыстардың тұсаукесері

2 сәуір, 2025

IV Халықаралық Фараби форумы аясында Түрік халықтары философия қоғамы Қазақ комитетінің II мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында философия және әл-Фарабидің мұрасы бойынша маңызды ғылыми мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, «Фарабитану» жинағының 10 томдығының тұсаукесері жасалды. Бұл жинақ әл-Фарабидің философиялық мұрасын тереңірек зерттеуге бағытталған маңызды еңбек болып табылады. Шара барысында Жақыпбек Алтаев пен Қанат Алтынбектің «Жиһангер ғұлама» кітаптары да таныстырылды. Бұл кітаптар әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын жаңа көзқараспен қарастырып, ғылыми қоғамдастыққа үлкен үлес қосады. Шара ғылыми және философиялық пікірталастар мен зерттеулерді ынталандырып, әл-Фарабидің мұрасын зерттеу саласындағы жаңа қадамдарды белгіледі.