IV Халықаралық Фараби форумы аясында «Қазақ философиясының өзектілігі» бейнероликтер байқауы өттіFarabi University

51

IV Халықаралық Фараби форумы аясында «Қазақ философиясының өзектілігі» бейнероликтер байқауы өтті

2 сәуір, 2025

IV Халықаралық Фараби форумы аясында «Қазақ философиясының өзектілігі» бейнероликтер байқауы өтіп, жеңімпаздары марапатталды. Байқау қазақ философиясының маңыздылығын жастар арасында таныту және оның қазіргі заманғы қоғамдағы орнын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар бейнероликтерінде қазақ философиясының негізгі тұжырымдамаларын, оның мәдениет пен руханияттағы рөлін ашып көрсетті. Шараны доцент Г. Сембаева мен аға оқытушы Ж. Қазиева ұйымдастырып, байқауға қатысушыларды шығармашылық қабілеттерін көрсетуге шақырды. Жеңімпаздар марапатталып, олардың жұмыстары форумда жоғары бағаланды.

Байқау жеңімпаздары: 

  1. Қаратай Айшабибі, Қанатқали Гаухартас, Қуанышқызы Айару. Жетекші: Г.М.Сембаева
  2. "Робототехникалық жүйелер" мамандығы. Жетекші: Ж.Н.Казиева
  3. "Химия" мамандығы. Жетекші: Д.Балабекұлы