«Өзін-өзі жетілдіру жолы: шекарасыз білім»

2025 жылдың 2 сәуірінде орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Спанбек А.Н «6В06201 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының 2 курс студенттерімен бірге «Өзін-өзі жетілдіру жолы: шекарасыз білім» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ынталандыру аясында өткізілген іс-шараның тақырыбы өзін-өзі тәрбиелеу және жеке тұлғаның үздіксіз дамуының маңыздылығын көрсетеді. Іс-шара студенттерді өзін-өзі тәрбиелеу мен тұлғалық өсудің маңыздылығын түсінуге, сондай-ақ оларды тиімді оқу мен өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін әдістер мен құралдармен таныстыруға бағытталған.
Іс-шара барысында студенттер өзін-өзі дамытудың негізгі аспектілерін, білім беру стратегияларын және тұлғалық өсуге қол жеткізу әдістерін көрсететін дайындалған интеллект-карталарын ұсынды. Талқылау барысында үздіксіз білім алудың маңыздылығы, оның мүмкіндіктері мен тұлғаның дамуына ықпал ететін заманауи құралдар туралы сан алуан пікірлер мен ойлар айтылды. Қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіріп, ұсынылған әдіс-тәсілдерді таңдау бойынша пікірталас жүргізді, бұл белсенді диалогқа ықпал етті.
Басқа жаңалықтар

