- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Салех әл-Бедах Арабтану орталығында
Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Салех әл-Бедах Арабтану орталығында

Бүгін, сәуірдің 3-і күні, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетіндегі Арабистика орталығына Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Салех Фаһд әл-Бедах танысу мақсатымен арнайы келді. Мәртебелі қонақты Арабистика орталығы мен Шығыстану факультетінің басшылығы, Араб бөлімінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қарсы алды. Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы мен болашақта атқарылатын істер талқыланды.
Кездесу барысында академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері, атап айтқанда бірлескен ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру, оқытушыларға арналған академиялық алмасу және тағылымдама бағдарламалары, сондай-ақ Арабистика орталығына оқу-әдістемелік материалдармен, оқу құралдарымен және ғылыми әдебиеттермен қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Сапар аясында Салех Фаһд әл-Бедах мырза студенттер мен оқытушыларға «Араб-ислам әлемінің қазіргі жағдайы және Сауд Арабиясының білім беру саласындағы рөлі» тақырыбында ашық дәріс оқыды. Дәрістен кейін студенттер қонаққа Сауд Арабиясындағы университеттер мен білім беру бағдарламалары туралы сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Басқа жаңалықтар

