Беттік ағын сулар және олардың геологиялық жұмысы

Тұрақты дамудың 15-ші мақсаты – құрлық экожүйелерін сақтау. Экожүйені қорғау және оны қалпына келтіру – үлкен мәселе. Осы орайда, студенттерге тұрақты даму мақсаттарын түсіндіріп, оларға экологиялық тербие беру мақсатында аға оқытушы У.К. Кожахметова «Беттік ағын сулар және олардың геологиялық жұмысы» атты сабақ өткізді. Бұл сабақтың мақсаты студенттерді қоршаған ортаның басты компоненті беттік ағын суларды талдау, оларды тиімді пайдалану және де қорғау үшін жасалуы мүмкін әрекеттер туралы білім беру және ақпараттандыру.
Сабақ барысында студенттер өздері дайындап келген презентацияларын баяндап, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді және өзара пікір алмасты. Соңғы жылдары ағынды сулар проблемасы бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да өткір және өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан ағынды суларды ластанудан қорғау қазіргі қоғамның алдында тұрған маңызды міндет болып табылады. Оларды тиімді және кешенді шешу ағынды суларды тазартудың алдыңғы қатарлы технологиялары мен заманауи жабдықтарды қолдану арқылы ғана мүмкін болмақ.
Басқа жаңалықтар

