Алматының болашағы: ылым, бизнес және мемлекеттің бірлесіп жұмыс істеуі арқылы шешімдер табуFarabi University

51

Алматының болашағы: ылым, бизнес және мемлекеттің бірлесіп жұмыс істеуі арқылы шешімдер табу

3 сәуір, 2025

Алматы қаласының экологиясы мен сейсмикалық қауіпсіздігі – өте маңызды мәселелер. Бұл мәселелерді тек ғылым мен инновация арқылы ғана емес, сонымен қатар бизнес пен мемлекеттің бірлесіп жұмыс істеуі арқылы шешуге болады. «Интеграция ғылым, бизнес және өндіріс» форумының концепциясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ж.Қ.Түймебаевтың сөзі осыған дәлел. Форум ғалымдар, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігерінің Алматының дамуына қандай әсер тигізетінін көрсетеді.
Қазақ ұлттық университеті қаланың экологиялық және сейсмологиялық қауіпсіздігі үшін маңызды зерттеулер жүргізіп, жаңа технологиялар ұсынып отыр. Университеттің «Farabi Hub» инновациялық орталығы мен ғылыми-зерттеу институттары экологияны жақсарту, ауаның ластануын азайту, жаңа құрылыс материалдарын жасау және қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған жобалар жүзеге асыруда.
ҚазҰУ-де қолданылатын суперкомпьютерлер мен зертханалар арқылы деректерді талдап, шешімдер қабылдауға көмектеседі. Мысалы, ауаның ластануын бақылау мен азайту үшін жаңа технологиялар, құрылыс үшін экологиялық таза материалдар жасалып жатыр. Сонымен қатар, университеттің басқа жобалары да Алматының инфрақұрылымын дамытуға, қауіпсіздікті арттыруға және қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.
Бұл форум мен КазҰУ-дің жобалары Алматының болашағын жарқын етеді. ылым, бизнес және мемлекеттің бірлескен жұмысы қаладағы экологиялық және қауіпсіздік мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарады. Осылайша, Алматының дамуына тың серпін беріп, әрқайсымыздың өмір сүру сапамызды жақсартуға мүмкіндік туады.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
аға оқытушысы Л.М.Алиярова