ылым мен бизнестің бірігуі – болашақтың кепілі

Менің ойымша, «ылым, бизнес және өндірістің интеграциясы» форумы – Алматы қаласы үшін аса маңызды бастама. Қазіргі заманда ғылым мен бизнестің бірлесе жұмыс істеуі тек қала деңгейінде ғана емес, бүкіл елдің дамуында шешуші рөл атқарады. Бұл форум – тек мәселелерді талқылап қана қоймай, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынатын тиімді алаң.
Біріншіден, Алматыдағы экологиялық жағдай мені қатты алаңдатады. Қалада тыныс алу барған сайын қиындап барады, әсіресе қыс мезгілінде тұмшаланған түтіннен көз ашпаймыз. Көшеде жүрген кезде көліктерден бөлінетін газдардың иісі сезіліп тұрады. Егер ғалымдар мен кәсіпкерлер бірігіп, жаңа экологиялық технологияларды енгізсе, бұл мәселенің шешімі табылар еді.
Екіншіден, сейсмикалық қауіпсіздік – бәріміз үшін маңызды. Алматыда тұратын әрбір адам жер сілкінісінің қаупін жақсы түсінеді. Бірақ біз оған қаншалықты дайынбыз? Меніңше, бұл бағытта әлі де көп жұмыс атқару қажет. Егер бизнес өкілдері мен ғалымдар бірлесе әрекет етсе, ерте ескерту жүйелерін жетілдіруге және жер сілкінісіне төзімді инфрақұрылым салуға мүмкіндік туады.
Соңында, мен бұл форумның пайдасын жоғары бағалаймын. Мұндай іс-шаралар тек Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстанда тұрақты түрде ұйымдастырылуы тиіс. Өйткені ғылымсыз даму жоқ, ал бизнес жаңа технологияларды енгізбей, бәсекеге қабілетті бола алмайды. Мен форумға қатысатын әрбір адамның өз үлесін қосатынына сенемін және болашақта оның нақты нәтижелерін көргім келеді.
Шет тілдер кафедрасы: Айсултанова Қарлығаш
Басқа жаңалықтар

