«Бір түп алма ағашы» спектакліне баруFarabi University

51

«Бір түп алма ағашы» спектакліне бару

8 ақпан, 2025

2025 жылдың 8 ақпанында органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті А.К. Токтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 303-304 топ қазақ бөлімі студенттерімен бірге Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Бір түп алма ағашы» қойылымын тамашаладық. Спектакльдің әсерлі қойылымы, актерлердің шебер ойыны мен музыкалық сүйемелдеуі көрермендерді ерекше атмосфераға бөледі. Студенттер ұлттық мұрамыздың құндылығын сезініп, әсерлі әсер алды. Іс-шара сапалы білім беру саласындағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде (44.3.4 университет кешенінен тыс білім беру ақпараттық-түсіндіру жұмыстары) ұйымдастырылды.