Әлеуметтік теңсіздік – виктимологиялық мәселелерді тудырушы себептердің бірі. Әртүрлі мәдениеттер жағдайындағы  құрбандықFarabi University

51

Әлеуметтік теңсіздік – виктимологиялық мәселелерді тудырушы себептердің бірі. Әртүрлі мәдениеттер жағдайындағы  құрбандық

4 наурыз, 2025

2025 жылы 4-наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., аға оқытушы Б. Аринова және п.ғ.к., доцент А.М. Кудайбергенованың басшылығымен Философия және саясаттану факультетінің «8D01802 –«Әлеуметтік педагогика» мамандығының 1 курс докторанттары Ж. Акимбаева ғылыми-педагогикалық практика аясында «Әлеуметтік теңсіздік – виктимологиялық мәселелерді тудырушы себептердің бірі. Әртүрлі мәдениеттер жағдайындағы  құрбандық» тақырыбында «Әлеуметтікпедагогика» мамандығының 2 курс магистранттарына ашық семинар сабағынөткізді. 

Ғалым оқытушылар Б.Ә. Айтуовна мен А.К. Маликовна ашық семинар сабақтың әдіснамалық және дидактикалық талаптарға сәйкестігін талқылап, ғылыми-әдістемелік тұрғыда кері байланыс берді.

Магистранттар дәрісте айтылған өзекті мәселелер, атап айтсақ, оқушыларға білім беру, тәрбиелеу, дамыту мәселелері пікірталас әдісіарқылы талқылауға түсіріліп, жаңа ой жинақтауға мүмкіндік алды. Магистранттар өздерінің мектепте сабақ беру тәжірибелерін де ортаға салып, семинар-пікірталастың қызықты да шығармашылықты деңгейде өтуінеүлестерін қосты.