«Мұхтар Мағауин – мұра, ұрпақ және руханият»

13.03.2025 сағат 15.00 де 310 ауд Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары Дайрабекова Г.К., Алимбаева А.Т, Байелі А.Ж 6B02304-Аударма ісі (батыс тілдері) мамандығының 2 курс оқитын студенттірмен «Мұхтар Мағауин – мұра, ұрпақ және руханият» атты әдеби кеш өткізді.
«Мұхтар Мағауин – мұра, ұрпақ және руханият» атты әдеби кеш Мұхтар Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына арналып өткізілді. Бұл кеш қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жазушы, ғалым және қоғам қайраткері Мұхтар Мағауиннің шығармашылығы мен рухани мұрасын жас ұрпаққа таныту мақсатында ұйымдастырылады. Мағауиннің шығармалары қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосып, ұлттық болмыс пен мәдениеттің терең мәнін ашуға бағытталған. Кеш барысында оның өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамалар, пікірталастар және шығармашылық оқу жиындары өтеді. Ұрпақтар арасындағы рухани байланыс пен ұлттық мұраны сақтау мәселелері қозғалады.
Басқа жаңалықтар

