21 Наурыз – Ынтымақ күні!Farabi University

51

21 Наурыз – Ынтымақ күні!

21 наурыз, 2025

21 Наурыз – Ынтымақ күні!

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы ТДМ 10 мақсаты – «Теңсіздікті азайту» аясында Наурыз мерекесіне орай «Достық дастарханы» атты іс-шарасын ұйымдастырып, бірлік пен татулықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл күні әр түрлі ұлттар мен этностардың өкілдері бір дастархан басында отырып, өзара сыйластық пен түсіністік білдіріп, қоғамдық бірлік пен ынтымақтастықтың жарқын көрінісін көрсетті.

Әлеуметтік теңдік пен экономикалық мүмкіндіктерді баршаға тең дәрежеде қамтамасыз ету арқылы біз бірлікті нығайтып, қоғамдағы үйлесімділікті арттырамыз. Ынтымақ күні біз әртүрлі этностар мен мәдениеттер арасындағы келісімділікті одан әрі күшейтуге, сондай-ақ әрбір адамға әділ және тең құқықтар ұсынуға бағытталамыз.

Бұл күннің басты мақсаты – әрқайсымыздың жүрегімізде бірлік пен татулықтың орнауы, еліміздегі барлық халықтардың арасында теңдік пен құрметтің сақталуы.

Бірлік, татулық және теңдік әрқашан біздің жүрегімізде болсын! 💫

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы

#Наурыз2025