20 Наурыз – Ұлттық Спорт Күні! Farabi University

51

20 Наурыз – Ұлттық Спорт Күні! 

20 наурыз, 2025

Наурызнама аясында жастар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды!

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы ТДМ 3 мақсаты — «Денсаулық пен әл-ауқатты қамтамасыз ету» аясында 105 топ студенттерімен бірге жастар арасында ұлттық ойындар мен жарыстар өткізді!

Бұл іс-шараның басты мақсаты — жастардың денсаулығын нығайту, белсенді өмір салтын насихаттау және ұлттық мәдениетімізді дәріптеу. Ұлттық ойындар арқылы жастарымыз біздің дәстүрлеріміз бен салт-санамызды құрметтеп, ескі ойындар мен жарыстарды еске алып, қуаныш пен ерекше көңіл күйге бөленді.

Денсаулық, күш пен қуат — жастарымыздың болашағының негізі! Біз әрқашан ұлттық дәстүрлерімізді сақтау мен дамытуға ұмтылып, қоғамның әл-ауқатын жақсартуға үлес қосамыз.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Денсаулық, бақыт және әл-ауқат сіздердің әрқашан жанымызда болсын! 💫

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы

#Наурыз2025