«Салауатты өмір салты» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелFarabi University

51

«Салауатты өмір салты» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

28 наурыз, 2025

2025 жылғы 28 наурызда «Салауатты өмір салты» ТДМ-3 аясында Халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ақпараттық технологиялар факультетінің қазақ жне ағылшын бөлімдерінің 1-курс студенттері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар – Моңғолиядан келген кәсіпкер Өмірбек Ақтілек жне Қазақ-Америка университетінің «Бизнес ақпараттық технологиялар» мамандығының 1-курс студенті Аида Орынбасар қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастарды денсаулықты сақтау жне нығайту жолдарымен таныстыру, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар денсаулықты сақтау шаралары туралы ақпарат алды. Оның ішінде қимыл белсенділігі, денені шынықтыру, дұрыс тамақтану жне зиянды әдеттерден бас тарту мәселелері қарастырылды. Бұл қағидаларды сақтау – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарттары екені атап өтілді. Баяндамашылар қозғалыс белсенділігі организмнің өсуі мен дамуына оң әсер ететінін, жүйелі түрде шынығу аурулардың алдын алатынын, ал дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауда шешуші рөл атқаратынын түсіндірді.

Бұл тақырып бойынша баяндама жасаған Ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс ағылшын тобының студенттері:
Mahwash Rezai, Suray Allamyradova, Soraya Amiri, Rownak Jahan Ananna, Reza Sultani.

Сонымен қатар, Қазақ-Америка университетінен келген қонағымыз Аида Орынбасар дұрыс ұйқы режимінің маңыздылығы мен оны сақтаудың қажеттілігі туралы айтты.

Келесі спикерлер – Қытайдан келген Duan Xinyu жне Li Xin, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенттері – темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі жне уытты заттардан бас тарту қажеттігін түсіндірді. Бұл зиянды әдеттердің организмге әсері мен денсаулыққа келтіретін зияны туралы ақпарат берді. Сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтау қажеттігі туралы баяндады.

Моңғолиядан келген кәсіпкер Өмірбек Ақтілек көкөністер мен жемістерді көп тұтынудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ түнде тамақтану денсаулыққа кері әсер ететінін ескертті.

Султан Асель, Сарсенбек Айғаным, Абдуғали Жалғас, Ермахан Бейбарыс, Тоқтарбекова Гүлназ, Қасқырбаева Қарақатсұлу, Серік Дильдар жне Тұрақов Саят денсаулықты сақтау шараларын дұрыс қолдану жолдарын қарастырды. Олар әр адамның өз денсаулығына жауапты екенін жне дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің тек ағзаны нығайтып қана қоймай, тәртіпке үйретіп, жалпы өмірлік тонусты арттыратынын жне жұмыс қабілетін жақсартатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар белсенді түрде пікір алмасты, сұрақтар қойып, «салауатты өмір салты» тақырыбына қатысты өз көзқарастарын білдірді.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырған шетел тілдері кафедрасының оқытушылары:
Уразгалиева С.А., Кеңесбаева Н.М., Ноғайбаева М.Ж., Гайипова Г.А., Ақылова Г.С., Тектібаева Д.Д., Оразбаева А.С., Мурзатаева А.Т., Режеп А.С. жне Тұрсынбекова Ұ.Т.