«Senim демалыс және ұзақ өмір орталығы» өкілдерімен, қатысушыларымен кездесуFarabi University

51

«Senim демалыс және ұзақ өмір орталығы» өкілдерімен, қатысушыларымен кездесу

20 наурыз, 2025

2025 жылдың 20 наурызында филос.ғ.к., аға оқытушы Аликбаева М.Б. жетекшілігімен   Дінтану және мәдениеттану кафедрасының, Мәдениеттану мамандығының 1 курс докторанты Жексенбаева М.А. Тұрақты даму мақсаттарының бірі – «Сапалы білім беру», «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыттары  аясында ««Мәдениеттану» мамандығының 3-курс студенттерімен» бірге «Senim демалыс және ұзақ өмір орталығы» өкілдерімен, қатысушыларымен кездесу өткізді.

Бұл маңызды шарада жас айырмашылығына қарамастан жақсы кездесу өтті.  Мұндай кездесулердің мақсаты – орталықтың қызметін таныстыру, қатысушылардың пікірлерін тыңдау, ұсыныстар мен идеяларды талқылау.

Кездесу барысында «Senim» орталығының өкілдері мен қатысушылар денсаулық сақтау, ұзақ өмір сүру мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті өмірді жақсарту жолдарын қарастыру тақырыптары қозғалды . Сонымен қатар, жаңа бағдарламалар мен жобаларды таныстырды.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, аға оқытушы Аликбаева М.Б., 1-курс докторанты Жексенбаева М.А.