ЕР АДАМНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ МУТАЦИЯЛАРFarabi University

51

ЕР АДАМНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ МУТАЦИЯЛАР

18 наурыз, 2025


ҚР Тұрақты даму мақсаттары – 3 (Жақсы денсаулық және әл-ауқат) аясында ер адамның репродуктивті денсаулығын зерттеу өзекті ғылыми бағыттардың бірі болып табылады. Осы мақсатта "Мутациялық селекция" пәні бойынша Генетика мамандығының 3-курс студенттеріне ашық зертханалық сабақ өткізілді. Сабақ оқытушы Шәлтенбай Г.Н. жетекшілігімен және   «8D05104 – Генетика» білім беру бағдарламасының 1-ші курс докторанты Ермекова М.Ш. ұйымдастыруымен өткізілді. Ашық сабақ барысында студенттерге ер адамның репродуктивті жүйесіндегі генетикалық мутациялардың маңыздылығын ғылыми негізде түсіндіру мақсаты қойылды.
Сабақтың ғылыми мақсаты ер адамның репродуктивті денсаулығы соңғы жылдары медициналық-генетикалық зерттеулердің өзекті саласына айналды. Себебі экологиялық факторлар, мутагенез процестері және тұқым қуалайтын өзгерістер сперматогенез механизмдеріне ықпал етіп, бедеулік пен тұқым қуалайтын аурулардың артуына әкелуі мүмкін.
Аталған зертханалық сабақтың мақсаты – генетикалық мутациялардың ер адамның ұрпақ өрбіту қабілетіне тигізетін әсерін зерттеу, мутациялардың пайда болу себептерін анықтау және олардың алдын алу жолдарын қарастыру болып табылды. 
Сабақ барысында қарастырылған мәселелер: 
* Генетикалық мутациялар және олардың жіктелуі: 
* Спонтанды және индуцирленген мутациялар
* Геномдық, хромосомалық және гендік мутациялар
* Ер адамның репродуктивті денсаулығына мутациялардың әсері: 
* Сперматогенездің бұзылуы
* Хромосомалық аберрациялар және олардың тұқым қуалаушылыққа ықпалы
* Бедеуліктің генетикалық негіздері
* Мутациялардың алдын алу және репродуктивті денсаулықты қорғау шаралары; 
Тұрақты даму мақсаты (ТДМ-3) аясындағы ғылыми-тәжірибелік маңызы:
Зертханалық сабақ барысында қарастырылған мәселелер "Жақсы денсаулық және әл-ауқат" (ТДМ-3) мақсатының бірнеше аспектілерін ашып көрсетті:
* Генетикалық диагностика арқылы репродуктивті денсаулықтың ерте скринингін қамтамасыз ету
* Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу арқылы болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау
* Қоршаған ортаның мутагендік әсерін төмендету жолдарын талдау
Зертханалық жұмыста студенттерге генетикалық мутацияларды анықтау әдістері бойынша бейнематериалдар көрсетіліп, тәжірибелік тапсырмалар орындатылды. Нәтижесінде студенттер мутациялардың ер адамның репродуктивті жүйесіне әсерін зерттеу дағдыларын игеріп, әдістерімен танысты.
Бұл зертханалық сабақ болашақ генетик мамандардың медициналық генетика, мутагенез және репродуктивті генетика саласындағы білімдерін тереңдетуге, ғылыми ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етті.