- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағытына бағытталған ашық тәрбие сағаты және Brif Research Center зерттеу орталығы
Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағытына бағытталған ашық тәрбие сағаты және Brif Research Center зерттеу орталығы

2025 жылдың 5 наурызында «8D03101 Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанттарының ұйымдастыруымен және «7М03101 Әлеуметтану» 1 курс магистранттары және «6В03101 Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының 3 курс бакалавр студенттерінің қатысуымен Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағытына бағытталған ашық тәрбие сағаты барысында студенттерге Brif Research Center зерттеу орталығының қызметі мен оның жетістіктері таныстырылды. Зерттеу орталығының негізгі мақсаттары мен зерттеу әдістері туралы ақпарат беріліп, орталықтың серіктестері мен болашақ әлеуметтанушылар үшін ұсынылатын практика мүмкіндіктері талқыланды.
Әлеуметтанушылардың кәсіби этикасы мен зерттеу барысында этика сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Студенттерге жұмыстың заңды түрде жүргізілуі және әлеуметтанушылардың қызметінде кездесетін қиындықтарды қалай заңды түрде шешуге болатыны туралы да ақпарат ұсынылды.
Brif Research Center зерттеу орталығының қызметі мен жұмыс бағыттары, оның ішінде ғылыми-зерттеу әдістері мен орталықтың жетістіктері туралы толық ақпарат берілді. Орталықтың серіктестері мен олармен байланыс орнату мүмкіндіктері таныстырылып, студенттерге орталықта практика өту мүмкіндіктері жайлы түсінік берілді.
Басқа жаңалықтар

