Тарих факультеті деканының 2025 жылғы шағын футбол кубогыFarabi University

51

Тарих факультеті деканының 2025 жылғы шағын футбол кубогы

9 наурыз, 2025

2025 жылдың 9 наурызында тарих факультетінде жыл сайынғы шағын футболдан декан кубогы өтті. Турнирге 1-4 курс студенттері мен факультет оқытушылары қатысты.

Жарыс айналма жүйе бойынша өтті, әр команда бір-бірімен ойнады. Шиеленіскен күресте 4 курс «Ярыш» командасы жеңіске жетіп, шеберлік пен командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті. Екінші орынды оқытушылардың «Мстители» командасы иеленсе, үшінші орын 3 курс «Өзіміз» командасына бұйырды.

Негізгі жүлделі орындардан басқа, түрлі номинациялар бойынша үздік ойыншылар да марапатталды. Факультет деканы, профессор Байгунаков Досбол Сүлейменұлы барлық қатысушылар мен жанкүйерлерге белсенді қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.