«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (3-5 сәуір, 2025 жыл)Farabi University

51

«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы (3-5 сәуір, 2025 жыл)

25 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2025 жылдың 3-5 сәуір аралығында өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады. Конференцияға Қазақстанның жне шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ студенттері, магистранттары жне 40 жасқа дейінгі жас ғалымдары қатыса алады.

Қатысушылардың баяндамалары секциялық отырыстарда 2025 жылдың 3-5 сәуір аралығында ғылымның әр түрлі саласындағы ғылым жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік жне қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалатын болады.

Конференцияның жүргізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Жас ғалымдар мен студенттердің конференциясы аясында ҚазҰУ факультеттерінде келесі секциялар жұмыс істейді:

  • Бөлім 1. Дифференциалдық теңдеулер жне олардың қолданылуы
  • Бөлім 2.  Функциялар теориясы, алгебра жне логика
  • Бөлім 3.  Тұтас орта механикасы
  • Бөлім 4.  Теориялық жне қолданбалы механика
  • Бөлім 5.  Ғарыштық техника жне технология
  • Бөлім 6.  Актуарлық математика жне статистика
  • Бөлім 7.  Есептеу ғылымдары жне статистика
  • Бөлім 8.  Математикалық моделдеу жне есептеу математикасы
  • Бөлім 9.  Робототехникалық жүйелер

Тезистерді рәсімдеуге қойылатын талаптар:

·    Тезистің жалпы көлемі 1 беттен аспауы керек (графика, кесте немесе фотосуреттер болған жағдайда 2 бет).

·    Microsoft Word 2010 жне одан жоғары;

·    Беттің параметрлері: жоғарғы жол - 2 см., төменгі жол - 2 см., сол жақ - 2 см., оң жағы 2 см.;

·      Қаріп Times New Roman, KZ Times New Roman; қаріп өлшемі – 12 pt;

·    Жоларалық интервал дара; абзацтық шегініс - 1 см; кітаптық бағдарлау; бет колонтитулдары жне қоюларсыз; мәтін ені бойынша тегістелген;

·    Тезистерге қосымша файлда авторлар туралы ақпараттар болуы керек (қатысуға өтінім); файл атауы өзіңіздің аты-жөніңізбен жазылуы тиіс.

Конференция ұйымдастырушылары жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандырмайтын, конференцияның негізгі бағыттарынан тыс жасалған баяндамаларды қабылдамауға құқығы бар. Мәтін стилистикалық жне техникалық жағынан түзетілген болуы тиіс. Ұйымдастыру комитеті тезис мәтіндеріне редакция жасамайды.

Бір адамавтор жне қосалқы автор ретінеде екіден артық тезис ұсына алмайды.

Қатысу шарты:

Конференцияға қатысушылар тиісті секция бойынша mechmatkaznu@gmail.com электронды поштасына 2025 жылдың 25 наурызына дейін:

-       Рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес тезис мәтінін;

-       Конференцияға қатысуға өтінішін жіберулері қажет.

Жоғарыда көрсетілген пункттердің бірі болмаған жағдайда материалдар қабылданбайды.