Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайыFarabi University

51

Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы

5 наурыз, 2025

2025 жылдың 5 наурызы Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің №35 жалпы білім беретін орта мектебінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "8D03104 Саясаттану" мамандығының 1 курс докторанттары  "Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы" атты тәрбиелік жиналыс өткізді. Бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірқатар бағыттарына, әсіресе №5 – Гендерлік теңдік, №4 – Сапалы білім, №3 – Сауатты өмір салты, және №10 – Теңсіздікті азайту мақсаттарына сай ұйымдастырылды. Іс-шара педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасынан аға оқытушысы М.Мырзагулова және Саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Басыгариева Ж.А. басшылығымен өтті.

Кездесуге әртүрлі сала мамандары қатысып, өзекті тақырыптарды талқылады:
•⁠  ⁠Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының психологы – отбасы мен қоғамның қыз бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі жөнінде;
•⁠  ⁠Полиция қызметкері, аға лейтенант – заң және тәртіп мәселелері, жасөспірімдер қауіпсіздігі туралы;
•⁠  ⁠"Жанұя" орталығының қызметкері, қоғам қайраткері– ұлттық дәстүрлер мен құндылықтардың тәрбиедегі маңызы туралы;

 Саясаттану мамандығының 1 курс докторанттары:
•⁠  ⁠Юсупова Меруерт – азаматтық қоғам мен еріктіліктің қоғамдағы рөлі жөнінде;
•⁠  ⁠Тлеугазина Диана – жоғары білім алудың маңыздылығы мен болашақ мүмкіндіктері туралы;

 Бұл жиналыс қыз балалардың құқықтары, мүмкіндіктері және қоғамдағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың саналы таңдау жасауына бағыт-бағдар берді. Қатысушылар өмірлік маңызды тақырыптарды талқылап, өз ойларымен бөлісіп, пайдалы кеңестер алды.