«ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АЛШАҚ БОЛУ -ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК СТОЛFarabi University

51

«ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АЛШАҚ БОЛУ -ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ

10 ақпан, 2025

2025 жылдың 6 ақпанында биотехнология кафедрасының оқытушылары Мамытова Н.С., Мелдебекова А.А., Нармуратова М.Х. және Ережепов Ә.Е. «6В05103 – Биотехнология» мамандығының ағылшын тілі тобының 3 курс студенттерімен және «Биологиялық инженерия» маандығының  2 курс студенттерімен «Зиянды әдеттерден алшақ болу – денсаулық кепілі» тақырыбында танымдық іс-шара (дөңгелек стол) өткізді. Іс-шара биология және биотехнология факультетінің 3 ТДМ: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» кестесіне сәйкес өткізілді.  Мақсаты: Студенттердің «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және жаман қылықтардан, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер: Студенттер денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсініп, оны күту іскерліктерін дамытады; жаман қылықтардан, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстайды.

 Іс-шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажеттігі туралы талқыланды. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Студенттер адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық деп қорытындылады.