- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жеке тұлғаларға салықтық кеңес берудің жалпы мәселелері» тақырыбында қонақи дәріс
«Жеке тұлғаларға салықтық кеңес берудің жалпы мәселелері» тақырыбында қонақи дәріс

2025 жылғы 27 ақпанда, сағат 17:00-де, «ТДМ - 4: Барлық адамдар үшін барлық қамтитын және әділ сапалы білім беру және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ынталандыру» аясында «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты О.Ж. Жадигерова «Салықтық консалтинг» пәні бойынша «Жеке тұлғаларға салықтық кеңес берудің жалпы мәселелері» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды. Дәрісті экономика ғылымдарының кандидаты, PhD, «Алым салық төлеушілерге консультациялық орталығы» ЖШС директоры Гаухар Бодесовна Увакбаева өткізді.
Қонақ дәріске «Қаржы» мамандығы бойынша докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушы-ғалымдары, салықтық консалтинг және салық салу мәселелерімен қызығушылар қатысты.
Дәріс барысында ҚР Салық кодексіндегі өзгерістер, салықтық консалтинг жүргізудің негізгі мәселелері, салық заңнамасының күнделікті өмірге әсері, салық консультанттарының этикасы мен стандарттары және теориялық білімді практикалық қолдану сияқты кең ауқымды сұрақтар талқыланды.
Дәріс соңында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, докторанттар мен магистранттар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сонымен қатар салықтық консалтинг және салық салу саласындағы қазіргі мәселелерді талқылады.
Гаухар Бодесовна салық заңнамасын түсіну қаржы саласындағы болашақ мамандар үшін маңызды екенін атап өтті, себебі бұл қаржылық тәуекелдерді тиімді басқаруға және заңнаманы сақтау арқылы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге көмектеседі.
Басқа жаңалықтар

