Биотехнология (НЗМ) және Биологиялық инженерия оқу бағдарламаларының студенттері Шэньчжэнь университетінде білім алдыFarabi University

51

Биотехнология (НЗМ) және Биологиялық инженерия оқу бағдарламаларының студенттері Шэньчжэнь университетінде білім алды

24 ақпан, 2025

2024 жылдың 7 қыркүйегі мен 2025 жылдың 10 қаңтары аралығында биология және биотехнология факультетінің 14 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қабылдаушы тарап қаражаты есебінен Шэньчжэнь университетінің (ҚХР, Шэньчжэнь қ.) Медицина мектебінде білім алды. Олардың сегізі «Биологиялық инженерия» білім беру бағдарламасының, алтауы «Биотехнология (НИШ)» бағдарламасының студенттері.

Студенттер жасушалық инженерия, геномика, биология ғылымындағы күрделі эксперименттер, микробиология және т.б. сияқты пәндерді оқу арқылы өз білімдерін шыңдаумен қатар, зертханаларда нақты заманауи тәжірибеге жақындатылған жағдайларда практикалық зертханалық дағдыларын шыңдады. Сондай-ақ, студенттер университет ұйымдастырған шетелдік студенттерге арналған түрлі іс-шараларға, соның ішінде ғылыми конференциялар мен семинарларға да қатысты, бұл оларға басқа елдердің студенттерімен тәжірибе және идеялар алмасуға мүмкіндік берді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу студенттердің алдында жаңа перспективалар ашатынына, таңдаған мамандығы бойынша жан-жақты білім алуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз және бұл факультетіміздің білім беру бағдарламаларының әлемдік академиялық қызметке интеграциялануының көрсеткіші.