Махамбетова Айна СақтағанқызыFarabi University

51

Махамбетова Айна Сақтағанқызы

25 ақпан, 2025

1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін «шығыстану: иран филологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 1997-1999 жж. Ирандағы Имам Хомейни атындағы халықаралық университетте (IKIU) магистратурада оқып, магистр дәрежесін алған. 2013 ж. дінтану  мамандығы бойынша ҚазҰУ-дың  магистратурасын бітірген. 2001 жылдан бастап Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет етеді, әскери атағы – полковник. Қазір Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті шет тілдер кафедрасының доценті. Қазіргі таңда ҚР Армиясында 800-ге жуық офицер әйелдер қызмет атқарады, солардың арасында тек 20 әйел «полковник» әскери шеніне жеткен. Біздің түлегіміз Махамбетова Айна сол  санаулы 20 полковниктің бірі. 

Басқа жаңалықтар