"ылыми зерттеулердегі цифрлық технологиялар" атты халықаралық қысқы мектеп

Солтүстік-Батыс Политехникалық Университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен студенттері арасында академиялық алмасуды дамыту мақсатында 2025 жылдың 12-17 қаңтары аралығында кафедрамызда ғылыми-білім беру іс-шарасы өткізілді. "ылыми зерттеулердегі цифрлық технологиялар" атты халықаралық қысқы мектепке Солтүстік-Батыс Политехникалық Университетінің Электроника және информатика кафедрасы мен компьютерлік ғылымдар кафедрасынан 80 студент қатысты. Қысқы мектеп барысында Солтүстік-Батыс Политехникалық Университетінің және кафедрамыздың профессорлары мен ғалымдары арасында тікелей пікір алмасу және дәрістер өткізу мүмкіндігі болды. Кафедрамыздың PhD, аға оқытушысы Б. Мәткерім «Параллельді программалау», аға оқытушылары Г.Түркен «Деректер қоры», «Машиналық оқыту», Т.Е.Макашева «Ақпараттық қауіпсіздік» бағытында дәрістер оқып, тәжірибе алмасты.
13 қаңтарда қысқы мектеп жобасының ресми ашылуы өтті. Ашылу салтанатында Қазақ Ұлттық Университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы О.Н. Тұрар мен Компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Б.С. Дарибаев жобаға қатысты құттықтау сөздерін айтты. Жоба жетекшісі, аға оқытушы Түркен Гүлзат қысқы лагерьдің негізгі шарттары мен нақты шараларымен таныстырып, студенттердің Алматыдағы оқу мен өмірі туралы сұрақтарына толық жауап берді. Соңында, студенттерге деген жылы лебізін білдіріп, олардың қысқы мектепті сәтті аяқтауына тілектестік білдірді.
Басқа жаңалықтар

