- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Лис Валерия ректордың алғыс хатымен марапатталды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Лис Валерия ректордың алғыс хатымен марапатталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Қазақстан жастары – креативті» атты іс-шара өтті. Оның мақсаты – білім алушы жастарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру болды.
Еркін форматта өткен кездесуге жастар ұйымдарының көшбасшылары, шетелдік студенттер, жас ғалымдар және қоғамдық өмірге белсенді қатысатын еріктілер жиналды. Университет ректоры Жансейіт Түймебаев өз сөзінде университеттік ғылым студенттерден басталуы керектігін атап өтіп, мемлекет пен оқу орны әрдайым жастарды қолдайтынын айтты.
Іс-шара аясында «Цифрлық экономика» мамандығының 3-курс студенті Лис Валерия университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін ректордың алғыс хатымен марапатталды. Оның студенттік бастамаларды дамытуға қосқан үлесі мен ғылыми жетістіктерге деген ұмтылысы басқа студенттер үшін үлгі болып табылады.
Валерияның эдвайзер-кураторы Нұрғазы Шыңғыс оның академиялық және қоғамдық белсенділігін әрдайым қолдап, жетекшілік етіп келеді.
Валерияны құттықтаймыз және оқу мен ғылыми қызметінде табыс тілейміз!
Басқа жаңалықтар

