- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жауапты тұтыну мен өндіріс шеңберінде шығындарды басқарудың есептік-талдамалық қамтамасыз етілуі туралы ылыми семинар
Жауапты тұтыну мен өндіріс шеңберінде шығындарды басқарудың есептік-талдамалық қамтамасыз етілуі туралы ылыми семинар
.jpeg)
2025 жылғы 12 ақпанда «Қаржы және есеп» кафедрасында «Бизнестің тиімділігін басқаруды есептік-талдамалық қамтамасыз ету» пәні шеңберінде (э.ғ.к., МВА, қауымдастырылған профессор Ф. К. Ердавлетова) 7М04117 - Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар үшін силлабуста жазылған оқу курсының мазмұнын іске асыру кестесіне сәйкес, «Жауапты тұтыну мен өндіріс шеңберінде шығындарды басқарудың есептік-талдамалық қамтамасыз етілуі туралы (ТДМ 12)» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинар барысында тұрақты даму контекстінде шығындарды есепке алу мен басқарудың заманауи тәсілдері талқыланды (ТДМ 12). Қатысушылар есептік-талдамалық құралдар ресурстарды артық пайдалануды, қалдықтарды азайтуға және өндіріс тиімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпаққа зиян келтірместен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қалай қамтамасыз ететінін қарастырды.
ҚазМұнайГаз, сондай-ақ Bio Сервис, АлматыЭкоПласт, KAZ Recycling, EcoTaxi сияқты ірі компанияларда мақсатты шығындарды басқаруды (Target Costing) және толық шығындарды басқару әдістерін (Activity – Based Costing-ABC) практикалық қолдануға ерекше назар аударуда, олар шығындарды есепке алудың осы әдістерін кеңінен пайдаланады, бұл тек өзіндік құнын оңтайландыруға ғана емес, сонымен қатар, шығындар көлемі туралы ақпарат уақтылы ұсынылуы арқылы қоршаған ортаға әсерін азайтуды сипаттайды. Семинарда сондай-ақ, кәсіпорындардағы экологиялық және әлеуметтік шығындарды есепке алу жүйесін біріктіруге мүмкіндік беретін тетіктер талқыланды, бұл өз кезегінде айналмалы экономиканың дамуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, ТМД 12 орындауына бағытталған шығындарды басқарудың жеке стратегиялары қарастырылды: қалдықтарды бөлек жинау, қайта пайдалануға болатын тауарларды пайдалану, электр қуаты мен суды үнемдеу және саналы тұтыну. Бұл шаралар шығындарды басқару корпоративтік деңгеймен шектелмейтінін, сондай-ақ әр адамның тұрақты дамуға қосқан үлесін қамтитынын көрсетеді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар шығындарды есептік-талдамалық қамтамасыз ету жауапты тұтыну және өндіріс қағидаттарын іске асыруда шешуші рөл атқарады деген ойға келді. Шығындарды есепке алу жүйелерін дамыту, ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және стратегиялық басқаруға инновациялық тәсілдерді енгізу компанияларға экономикалық тиімділік пен әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті табуға мүмкіндік береді.
Семинар жұмысына Қаржы және есеп кафедрасының жетекші профессоры Д.О. Оңалтаев белсенді қатысты.
Басқа жаңалықтар

