ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев университетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан үшін Компьютерлік ғылымдар мамандығының 3-курс студенті Базарбай Зарина Нұрланқызы Алғыс хат алдыFarabi University

51

ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев университетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан үшін Компьютерлік ғылымдар мамандығының 3-курс студенті Базарбай Зарина Нұрланқызы Алғыс хат алды

28 желтоқсан, 2024

ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев университетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан 4 студентке Алғыс хатын табыстады. Солардың бірі – Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар мамандығының 3-курс студенті Базарбай Зарина Нұрланқызы. Бұл марапат – оның университет өміріндегі белсенділігі мен қоғамдық және ғылыми қызметке қосқан еңбегінің айқын дәлелі. Зарина оқу орнының дамуына өз уақытын, күш-жігері мен идеяларын арнап, түрлі студенттік бастамалар мен жобаларда белсенділік танытып келеді. Оның бұл жетістігі – тек жеке жеңіс емес, университетіміздің мақтанышы!