- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Менеджмент» кафедрасының 1-курс докторанттарының педагогикалық тәжірибесін ұйымдастыруы жалғасуда
«Менеджмент» кафедрасының 1-курс докторанттарының педагогикалық тәжірибесін ұйымдастыруы жалғасуда

2025 жылдың 17 ақпанында «Менеджмент» білім беру бағдарламасының ағылшын бөлімінің докторанттарының педагогикалық тәжірибеден өтуі барысында “Business organization” пәні бойынша «Менеджмент» білім беру бағдарламасының ағылшын бөлімінде білім алатын 3-курс студенттеріне “Бизнесті жоспарлау” тақырыбында дәріс оқылды. Докторант бизнес-стратегияларды жоспарлау мен әзірлеуде ескерілетін БҰҰ тарапынан 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары аясында белгіленген 8-мақсат - Лайықты жұмыс және экономикалық өсуді мақсат ететін заманауи трендтермен қатар, құралдармен де таныстырды. Студенттер басқарушылық трендтерді анықтайтын факторларды – климаттық шешімдер, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және жасанды интеллекттің бизнес басқаруына әсері бойынша өз ойларын білдіріп, белсенді талқылауға қатысты. Дәріске тәжірибе жетекшісі мен «Менеджмент» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Тәжірибе жетекшісі д.э.н., профессор Адамбекова А.А., кафедраның жетекші оқытушылары – Туребекова Б.О., Тажиева С.К., Жанибекова Г.К. тарапынан өткізілетін ашық сабақтардың педагогикалық әдістемелерге сай ұйымдастырылуына қолдау көрсетілуде.
Басқа жаңалықтар

