- Басты бет
- Хабарландыру
- ылыми нәтижелерді жариялау үшін халықаралық журналды таңдау бойынша онлайн семинар өтеді
ылыми нәтижелерді жариялау үшін халықаралық журналды таңдау бойынша онлайн семинар өтеді
11 ақпан
Құрметті жас ғалымдар!
Сіздерді алдағы онлайн семинарымызға шақырамыз!
Спикеріміз – PhD, жетекші ғылыми қызметкер Жексенбек Тоқтарбай. Ол бірнеше халықаралық (Engineered Science Publisher) және отандық журналдардың редакциялық алқасының мүшесі. Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің Инженерия мектебінде зертхана тобының жетекшісі болып қызмет атқарған.
Жексенбек Тоқтарбайдың ғылыми зерттеулері химия және материалтану саласына бағытталған. Оның негізгі ғылыми қызығушылықтарына өнеркәсіптік мономерлер негізінде жаңа тиімді флокулянттарды әзірлеу, сондай-ақ минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу саласындағы жаңа материалдар мен технологияларды зерттеу жатады.
Семинар тақырыбы: "ылыми нәтижелерді жариялау үшін халықаралық журналды таңдау"
Бұл семинарда сіздер отандық және халықаралық журналдарда ғылыми мақалаларды жариялаудың ерекшеліктері, мүмкіндіктері және маңызды талаптарымен танысасыздар. Семинар жас ғалымдарға халықаралық деңгейде мақала жазу және табысты ғылыми жобаларды іске асыруға көмектеседі.
Іс-шара 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 15:00-де онлайн форматта Zoom платформасында өтеді.
Семинарға сілтеме:
Барлық жас ғалымдарды белсенді қатысуға шақырамыз!
Ұйымдастырушылар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ылым департаменті мен Жас ғалымдар кеңесі.
Басқа хабарландырулар
26 маусым
Конституциялық құндылықтарды дамытуға арналған халықаралық конференция өтеді
F.С.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетімен бірлесіп «Құқықтық үрдістер, заманауи сын-қатерлер және жаһандық қоғамдық трансформациялар аясында конституциялық құндылықтарды дамытудың жаңа көкжиегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Алқалы жиын көрнекті ғалым, ғылым мен білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик F.С.Сапарғалиевтің 95 жылдық мерейтойына арналады.
26 сәуір
ҚазҰУ студенттерді «Cyber defense challenge» байқауына шақырады
Құрметті студенттер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультеті «Cyber defense challenge» жарысына қатысуға шақырады!
8 сәуір
Академиялық ұтқырлық аясында күзгі семестрде оқу конкурсы
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» 2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық (бакалавриат) шеңберінде оқуға конкурс жариялайды.