​​​​​​​География және тарих мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарыFarabi University

51

​​​​​​​География және тарих мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары

10 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады. Курстар білім беретін орта мектептердің география және тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Туристік өлкетану» білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің сараптамалық қорытындысына сәйкес өткізіледі.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Мұғалімдердің туристік өлкетану саласындағы біліктілігін арттыру.

География мен тарихты оқытудың жаңа әдістерін туризмді қолдану арқылы дамыту.

Табиғи және мәдени мұраны зерттеудің заманауи тәсілдерімен таныстыру.

Туризм арқылы оқушылардың жобалық қызмет дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту форматы

  1. География және туризм саласындағы жетекші мамандардың дәрістері мен семинарлары
  2. Практикалық сабақтар және далалық зерттеулер
  3. Онлайн және оффлайн оқыту форматтары
  4. Курстарды аяқтағаны туралы сертификат беру

Қосымша ақпарат алу үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасына хабарласуға болады.