ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенттері ҚР Ұлттық Банкінің өкілдерімен кездесті. ТДМ 9 жне ТДМ 16Farabi University

51

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенттері ҚР Ұлттық Банкінің өкілдерімен кездесті. ТДМ 9 жне ТДМ 16

6 ақпан, 2025

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің студенттері ҚБТУ, М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті жне AlmaU студенттерімен бірге қаржы технологиялары мен жасанды интеллект саласындағы жетекші сарапшылармен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар Халықаралық MATRIZ қауымдастығының вице-президенті Владимир Затолокинмен, сондай-ақ ҚазҰУ түлектерімен сұхбаттасты:

  • Виталий Алексеевич ТутушкинҚР Ұлттық Банкінің төраға орынбасары, Алматы қаласындағы Ұлттық Банктің Тұрақты Өкілдігінің басшысы.
  • Ален Асхатұлы АқылбековҚР Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы бас маман-талдаушысы, 5B060500 – Ядролық физика білім беру бағдарламасының түлегі.

Кездесудің негізгі тақырыбы машиналық оқыту әдістері мен жасанды интеллектінің Қазақстан Ұлттық Банкінде қолданылуын талқылау болды. Дискуссия барысында келесі өзекті мәселелер қаралды:

  • Цифрлық теңгені дамыту жне енгізу;
  • Жасанды интеллектіні қаржы институттарын болжау жне басқару саласында пайдалану;
  • Қазақстанда криптовалютаны заңдастыру жне реттеу перспективалары.

Бұл кездесу студенттерге қаржы секторының заманауи технологияларын тереңірек түсінуге жне саланың жетекші мамандарынан құнды білім алуға мүмкіндік берді.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) аясында ұйымдастырылды:

  • ТДМ 9 – Тұрақты инфрақұрылым құру, жан-жақты жне тұрақты индустрияландыруды қамтамасыз ету жне инновацияларды енгізу;
  • ТДМ 16 – Тұрақты, бейбіт жне ашық қоғам құруға жәрдемдесу, әділеттілікке қолжетімділікті қамтамасыз ету жне тиімді, есеп беретін институттарды қалыптастыру.