Халықаралық конкурс жеңімпаздарыFarabi University

51

Халықаралық конкурс жеңімпаздары

5 ақпан, 2025

Кафедрамыздың профессорлары Тұңғатарова С.А. мен Байжұманова Т.С. жетекшілігімен “8D07101 - Мұнайхимия” білім беру бағдарламасының докторанттары Шоғанбек Дінмұхамед жне Жылқыбек Мағира халықаралық деңгейде ұйымдастырылған «ТМД-ның Үздік Жас Ғалымы» конкурсында жеңіске жетіп, ерекше жетістіктері үшін «Үздік жас ғалым» медалімен жне «I-дәрежелі Дипломмен» марапатталды. Бұл конкурс «Endless Light in Science» халықаралық зерттеу орталығының бастамасымен өткізіліп, ТМД елдеріндегі жас ғалымдардың үздік ғылыми жұмыстарын анықтауға бағытталған беделді шара болып табылады.

     Докторанттар Шоғанбек Дінмұхамед пен Жылқыбек Мағира өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қолданбалы жне іргелі ғылым бағытында ұсынды. Бұл зерттеулердің нәтижелері жоғары деңгейде бағаланып, арнайы сараптамалық тексеруден өткеннен кейін ғылыми қауымдастыққа қолжетімді болады. Олардың еңбектері PDF форматында CIBERLENINKA жне GOOGLE SCHOLAR сынды халықаралық ғылыми платформаларда жарияланады. Сонымен қатар, зерттеулердің толық нұсқалары Мәскеудегі Ресей Федерациясының Ұлттық Электрондық Кітапханасының (ELIBRARY) дерекқорына енгізіледі жне CIBERLENINKA, GOOGLE SCHOLAR платформалары арқылы электронды журналдарда кеңінен таратылатын болады. Бұл жарияланымдар жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерін халықаралық деңгейде тануға жне олардың зерттеулерінің өзектілігін көрсетеді.

 

Физикалық химия, катализ жне мұнайхимия

кафедрасының меңгерушісі Аубакиров Е.А.