ТДМ 13 Климаттың өзгеруімен күресу

Тұрақты даму мақсаттары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, сондай-ақ планетаны қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық деңгейде қабылданған мақсаттар болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өз кезегінде БҰҰ-ның бұл бағдарламасын қолдап, алға жылжытуда.
Осыған орай, 2025 жылдың 4 ақпанында шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Утебекова А.С. физика-техникалық факультетінің «Ядролық физика» және «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтарының 1 курс студенттерімен бірлесіп, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары 17 бағдарламасы аясында «Климаттың өзгеруімен күресу» №13 Тұрақты даму мақсатына арналған семинар өткізді. Студенттер презентацияларын көрсетті, өз көзқарастарын білдірді, сонымен қатар мұғаліммен климаттың өзгеруіне байланысты ағымдағы және жаһандық мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын талқылады.
Басқа жаңалықтар

