2024 жылдың «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» Құсманғазинов Әділ Болатұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы, PhD Құсманғазинов Әділ Болатұлы «2024 ЖЫЛҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ атанды. Байқауға еліміздің 90 жоғары оқу орнынан барлығы 946 үміткер қатысып, Әділ Болатұлы үздік 150 оқытушының қатарына ілінді.
Құсманғазинов Әділ Болатұлы – PhD доктор, Болашақ бағдарламасы аясында 500-ғалым жобасының жеңімпазы. ТМД Үздік жас ғалымы – 2024, ҚазҰУ Үздік жас ғалымы – 2024 номинацияларының жүлдегері. Scopus және Web of Sciences деректер базаларына кіретін халықаралық журналдарда 12 мақаласы жарияланды, h-index 3. Гранттық қаржыландыру жобаларының жауапты орындаушысы болып табылады.
Жас оқытушыларға масштабты республикалық жобаларға қатысуға мүмкіндік берген және әрдайым қолдау көрсететін университет басшылығына, ылым және Жоғары білім министрлігіне алғысымызды білдіреміз.
Басқа жаңалықтар

