- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Е.Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, жас ғалым Мәлік Ажар Мәлікқызына пәтер кілтін табыс етті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Е.Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, жас ғалым Мәлік Ажар Мәлікқызына пәтер кілтін табыс етті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин жас ғалымдарға жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Бұл айтулы оқиға олардың ғылым мен білімдегі жетістіктерін тануда, әрі жемісті еңбек етуіне жағдай жасауда маңызды қадам болды.
Пәтер кілтін алғандардың қатарында Мәлік Ажар Мәлікқызы – биология және биотехнология факультетінің аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері, биотехнология саласындағы жас ғалым, микробиолог. Ол биотехнология, микробиология және экология салалары бойынша жоғары білікті маман, сондай-ақ заманауи жабдықтармен, атап айтқанда, УФ- және ИҚ-Фурье-спектроскопия, анализаторлар және хроматографиямен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген.
2017 жылдың шілде-тамыз айларында Ажар Чех Республикасының Чех техникалық университетінде тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, 2021-2022 жылдары Түркияның Коджаэли университетінің биология және биотехнология факультетінде докторлық ғылыми тағылымдамадан өтті. Қазіргі таңда Ажар Мәлікқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
Өз сөзінде Ажар Мәлікқызы университет ұжымына және ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысын білдіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшылығының, ылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осындай мүмкіндіктер жасауға қосқан үлесін атап өтті.
Бұл бастама жас ғалымдарға деген мемлекеттік қамқорлықтың және олардың кәсіби дамуына деген сенімнің айқын үлгісі болып табылады. Мұндай қолдаудың арқасында Қазақстанда ғылым мен білімге жаңа мүмкіндіктер ашылып, талантты жастар өз әлеуетін жүзеге асыруға қуатты серпін алуда.
Басқа жаңалықтар

