- Басты бет
- Жаңалықтар
- Молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры Өмірбекова Наргүл Жаппарқызы «Әл-Фараби» алтын медалімен марапатталды
Молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры Өмірбекова Наргүл Жаппарқызы «Әл-Фараби» алтын медалімен марапатталды
26 желтоқсан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойы аясында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім ордасының оқытушы-профессорлар құрамын арнайы наградалармен марапаттады. Молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры Өмірбекова Наргүл Жаппарқызы «Әл-Фараби» алтын медалімен марапатталды. Бұл жетістік Наргүл Жаппарқызының ғылымға адалдығы мен қажырлы еңбегінің айқын дәлелі. Зор денсаулық, ғылыми ізденістеріңізде шабыт және болашақта жаңа табыстар тілейміз! Осындай мүмкіндік беріп, ғылым мен білімнің дамуына қолдау көрсетіп отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығына, ылым және Жоғары білім министрлігіне және елбасшымызға алғысымызды білдіреміз.
Басқа жаңалықтар

7 мамыр, 2025

7 мамыр, 2025