- Басты бет
- Жаңалықтар
- Профессор Джансугурова Лейла Болатқызын мемлекеттік стипендия иегері болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Профессор Джансугурова Лейла Болатқызын мемлекеттік стипендия иегері болуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының ылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығы бойынша молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Джансугурова Лейла Болатқызын ғылым саласындағы еңбегі үшін мемлекеттік стипендия иегері болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл Лейла Болатқызының ғылымға қосқан өлшеусіз үлесінің, қажырлы еңбегінің және жоғары кәсібилігінің лайықты мойындалуы. Сізге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат және Қазақстанның игілігі мен әлемдік білімді дамыту жолында жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!
Бұл жетістік сіздің ғылымға адалдығыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің айқын дәлелі. Зор денсаулық, ғылыми ізденістеріңізде шабыт және болашақта жаңа табыстар тілейміз!
Осындай мүмкіндік беріп, ғылым мен білімнің дамуына қолдау көрсетіп отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығына, ылым және Жоғары білім министрлігіне және Елбасшымызға алғысымызды білдіреміз.
Басқа жаңалықтар

