- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2024 жылдың «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» Тайпақова Сәбира Мықтыбекқызы
2024 жылдың «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» Тайпақова Сәбира Мықтыбекқызы

2024 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болған Тайпақова Сәбира Мықтыбекқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Сәбира Мықтыбекқызы — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD, жетекші ғылыми қызметкер. Сіздің ғылым мен білім саласындағы еңбегіңіз, жастарға берген терең біліміңіз бен көрсеткен үлгі-өнегеңіз — баршамыз үшін мақтаныш.
Бұл жетістік — сіздің тынымсыз еңбегіңіздің, шығармашылық ізденістеріңіздің және ғылымға қосқан үлесіңіздің лайықты жемісі. Сізге жаңа табыстар тілейміз, алға қойған биік мақсаттарыңыз орындала берсін!
Осындай мүмкіндік беріп, ғылым мен білімнің дамуына қолдау көрсетіп отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығына, ылым және Жоғары білім министрлігіне және Елбасшымызға алғысымызды білдіреміз.
Басқа жаңалықтар

