«Кітап – біздің досымыз»Farabi University

51

«Кітап – біздің досымыз»

6 желтоқсан, 2024

Желтоқсан айының 6-сы күні филология факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, әдебиеттану мамандығының 3-курс студенттері және куратор-эдвайзер Шортанбай Шоқан Амангелдіұлының ұйымдастыруымен ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында  "Кітап – біздің досымыз" атты танымдық шара өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – жастарды кітап оқуға баулу, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын көрсету болды. Шара соңында қатысушылар кітап оқу тәжірибесімен бөлісіп, өздеріне ұнаған шығармалар туралы пікір алмасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың білімін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге және кітапқа деген махаббатын арттыруға үлкен ықпал етеді. «Кітап – біздің досымыз» шарасы жастарға терең ой салып, олардың кітапқа деген қызығушылығын одан әрі арттырған игі бастама ретінде есте қалды.

   Ш.А. Шортанбай, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының 

аға оқытушысы