ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу.Farabi University

51

ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу.

21 қараша, 2024

21.11.2024 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Yandex Qazaqstan ұйымдастырған «Нейрондық желілер бізді қалай жаңалыққа үйретеді» тақырыбында қызықты воркшоп өткізілді.

Спикерлер:

- Александр Поповский, Яндекс Іздеу жүйесінің халықаралық даму директоры.

- Виктор Сикора, Қазақстандағы Іздеу жүйесінің өнім директоры.

Спикерлерге алдын ала студенттер тарапынан қызықты сұрақтар қойылған болатын. Ең қызықты сұрақтардың авторлары «Алиса Мини» колонкаларын ұтып алды. Сонымен қатар, қатысушылар ерекше атмосфера мен фирмалық кофе-брейкке куә болды.

Ұйымдастырушылар: Кафедра меңгерушісі Мансурова Мадина Есимхановна, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Сарсембаева Талшын Сағдатбекқызы, Кафедра аға куратор-эдвайзер: Шолпан Тлетайқызы, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, куратор-эдвайзер: Базарбек Жания Пархатқызы.