
31.10.2024 ж. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының «Деректер туралы ғылым» және «Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының студенттері кафедраның аға-кураторымен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттің балалар мен жасөспірімдер театрына "Келіндер көтерілісі" қойылымын тамашалауға барды. "Келіндер көтерілісі" қойылымы қазақ драматургиясының ерекше туындысы болып табылады. Бұл пьеса қоғамдағы әлеуметтік және моральдық мәселелерді тереңнен қозғайды. Оның негізінде ауыл өміріндегі әйелдердің ауыр жағдайы мен сол кезде әйелдер арасында басталған бүлік, олардың теңдік пен құқықтарын қорғау үшін күресі суреттеледі. "Келіндер көтерілісі" пьесасы күлкілі, бірақ сонымен қатар жанды, эмоционалды терең әсер қалдырады. Ол көрерменді тек күлдірумен ғана емес, ойландырып, әйелдер үшін әділеттілік пен теңдікті қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға да жауап іздеуге мәжбүрлейді.
Жалпы, "Келіндер көтерілісі" — бұл тек өнер туындысы ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерге қозғау салатын маңызды шығармашылық жұмыс. Ол көрерменге өзіміздің мәдени және моральдық құндылықтарымызды қайта қарауға, әйелдер құқығын қорғауға, әрі қоғамдағы әділеттілікті жүзеге асыруға шақырады.
Аға Куратор-эдвайзер: Шолпан Тлетайқызы.
Басқа жаңалықтар

