
Физикалық белсенділіктің дені сау және біріккен қоғам қалыптастырудағы маңызы зор.
Халықаралық студенттер күніне орай және Тұрақты даму мақсаттарының №3 (барлық жастағы адамдар үшін дені сау өмір сүруді қамтамасыз ету және әл-ауқатын жақсарту) мақсаттарын ілгерілету аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті «Партнеры во имя здоровья» ҮЕҰ-мен бірлесіп факультет студенттері арасында футбол турнирін ұйымдастырды.
Жарыс жастарды біріктіріп, олардың спорттық қабілеттерін көрсетуге, командалық рухты нығайтуға және жақсы көңіл-күй алуға мүмкіндік берді. Турнирдің жеңімпаздары құнды сыйлықтар мен грамоталармен марапатталды, ал барлық қатысушылар жарқын әсерлермен қайтты.
Бұл іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына көмек көрсеткен студенттік белсенділер мен серіктестерімізге және демеушілерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Ұйымдастырушылар: Омирбекова А.О., Мадалиева З.Б., Кудайбергенова С.К., Аязбаева Б.Б.
Басқа жаңалықтар

