Халықаралық студенттер күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Farabi University

51

Халықаралық студенттер күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

29 қараша, 2024

2024 жылдың 29 қарашасында Халықаралық студенттер күні аясында қазақ филологиясы 201 топ студенттері арасында “Студенттік өмір: арманға бастар жол” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның басты мақсаты – студенттерді заманауи қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға, пікір алмасуға және жаңа идеялар ұсынуға ынталандыру. Дөңгелек үстелге топ студенттері қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Талқылаудың басты тақырыптары – жастардың білімге деген қызығушылығы, көшбасшылық қасиеттерді дамыту мәселелері болды. Қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары келешекте жастардың белсенділігін арттыру бойынша нақты қадамдар жасауға ықпал етті. Дөңгелек үстел соңында топтың куратор-эдвайзері: Мұхамади Құралай Төлегенқызы өз пікірін білдіріп,студенттерге өз тілегін білдірді. Бұл шара студенттер арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ олардың қоғамдық өмірге араласуына ерекше мүмкіндік берді.