Ұлттық құндылықтар туралы интеллектуалдық ойындар сайысыFarabi University

51

Ұлттық құндылықтар туралы интеллектуалдық ойындар сайысы

25 қараша, 2024

2024 жылы қарашаның 25-жұлдызында шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары  Гайипова Г.А., Акылова Г.С., Оразбаева А.С., Тұрсынбекова Ұ.Т., Мурзатаева А.Т., Кеңесбаева Н.М., Ноғайбаева М.Ж. Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс білім алушыларымен бірге Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауына байланысты, «Адал азамат» концепциясы аясында Ұлттық құндылықтар туралы интеллектуалдық ойындар іс-шарасын өткізді.


Білім алушылар іс-шара барысында екі топқа бөлінді. Екі топ 5 кезең бойынша сайысты. Білім алушылар сайыс барысында өздерінің ойларын еркін жеткізіп, шынайы ойындар көрсетіліп, білімдерін шыңдады. Іс-шара соңында Әділқазылар алқасы өнерлерін бағалап, қатысушылардың жауаптарына объективті баға берді.


Студенттер сайысқа белсенді қатысып, ұйымшылдықтарын көрсетті. Нәтижесінде Ұлттық құндылықтар туралы интеллектуалдық ойындар тақырыбы аясында өзекті мәліметтер қамтылып, қорытындыланды.
Іс-шара соңында сайысқа белсенді қатысқан білім алушылар арнайы дайындалған сыйлықтармен марапатталды.