«Таза Универ» тақырыпта бойынша әлеуметтік эксперимент

25 қараша, 2024 жылы, Ал-Фараби Университеті, Тарих факультетінің, ылыми тарих және Кітапханалық ақпараттық жүйелері мамандықтарының 1 курс студенттерінің қатысуымен, Филология факультеті, Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Койтасованың жетекшілігімен «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында, «Таза Универ» деген тақырыпта университет аумағында әлеуметтік эксперимент жасалынды.
Әлеуметтік эксперименттің мақсаты университет студенттерінің жауапкершілік реакциясын байқау.
Эксперимент екі топ студенттерінің шығармашылық ойлауымен өзара әрекеттестікте жүргізілді: бүгінде студенттер қаншалықты экологиялық тазалыққа, жауапкершілікпен қарайды? Олар өздері оқитын универ аумағында өтіп бара жатып түсіп қалған қоқыстарға, жатқан пластик бөтелкеге назар аударады ма, пластик бөтелкені немесе қағазды қоқыс жәшігіне апарып салама, әлде немқұрайлықпен өтіп кете бере ме? Қазақстанның таза болуына, университет аумағының да таза болып тұруына экологиялық үлес қосадыма деген оймен жасалынды. Студенттер плакат жасап, рольдік импровизация жасады. Өтіп бара жатып пластик бөтелкені көтерген студенттерге ойын, рақметін айтып сыйлықтарын беріп жатты. Жасаған эксперимент студенттердің өздеріне қызықты болды және одан өздері де пайдалы тәлім алды деген ойдамыз.
Басқа жаңалықтар

