«АБАЙ ІЛІМІ» пәні бойынша ашық сабақ

ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында «Абай ілімі» пәні аясында «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты ашық сабақ өтті.Сабақ барысында ақыл, қайрат, жүрек ұғымдары арасындағы пікірталасқа құрылды. Қайрат пен жүрек, ақылдың маңыздылығы туралы қызу пікірталаста достық жеңіске жетті. Ең бастысы, жүрек те, ақыл, қайрат та игі мақсаттарға қызмет етіп, қатар жүруі керек. Сондай-ақ, сабақта Абайдың қара сөздеріне, оның өмірі мен шығармашылығына арналған викторина ж.ргізілді. Ашық сабақ мазмұнды да қызықты өтті. «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенттері өздерін белсенді және білімді қатысушылар ретінде көрсетті.
Аға оқытушы Б.Даутова викторинаның ұйымдастырушысы ретінде көрнекті қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың өмірбаянының негізгі сәттерін баяндап қана қоймай, ақынның философиялық дүниетанымының ауқымдылығын және біздің заманымыз бен қоғамымыз үшін де құнды екенін атап өтті. «Абай ілімі» пәні бойынша өткен бұл ашық сабақта жеке және топтық жұмыстар арқылы студенттің сапалы білім алуына үлес қосылып, мақсат ойдағыдай орындалды. Ашық сабаққа Абай ҒЗИ-дың оқытушылары қатысып, жоғары бағалады.
Басқа жаңалықтар

